Cisco ENARSI

Егер сіз Cisco CCNA сертификатын алсаңыз тамаша. Сіз желі негіздерін жақсы түсінесіз. Сіз қандай IT маманы болсаңыз да желі негіздерін білу сізге тек пайдасы тиеді. Сіз жоғарғы деңгейлі жүйе администраторы шығарсыз, программистсіз бе, мүмкін деректер базасымен жұмыс жасайтын боларсыз, IP телефония, не Интернет сервис провайдерінде жұмыс жасайсыз ба? Қай ақпараттық технология саласы болса да желі негіздері маңызды.
Олай болса Cisco ENARSI деген не?
Бұл желі профессионалы болудың келесі сатысы. Енді сіз нағыз желі инженері бағытында жылжисыз. Сіз басқаратын құрылғылардың саны жүздеген, тіпті мыңдаған болуы мүмкін. Олар Cisco маршрутизаторлары, Cisco Firewall, қосықыштары да не тіпті басқа үлкен вендордың желілік құрылғысы шығар. Қалай болғанда да сіз CCNP бағытында жылжысаңыз, аты айтып тұрғандай Network Professional бағытында жылжисыз.
Сіз басқаратын желінің масштабы үлкен болады, жауапкершілік те үлкен. CCNP деңгейіндегі мамандар ірі корпорацияларда басты желі инженерлері ретінде қызмет жасайды.
300-410 ENARSI
Implementing Cisco Enterprise Advanced Routing and Services
Network Professional деңгейіндегі мамандар үлкен банктер, жоғарғы оқу орындары, мемлекеттік ұйымдар, мұнай-кен өндіру корпорациялары, Интернет сервис провайдерлері, жалпы Қазақстан Республикасындағы ең ірі ұйымдардың желілерін қарауыңыз мүмкін.
CCNP сертификаты бар мамандар кәсіби деңгейде кәсіпорын желілерін жобалайтын, енгізетін және ақауларын жойатын жоғары білікті желі инженерлері болып табылады.
ENARSI сертификаты сізге компания желісінің ішкі торабында IGP динамикалық протоколының бірін енгізуді (EIGRP, OSPF не тіпті IS-IS) үйретеді. Компания дата центр орталығы тым үлкен болып, жеке автономдық жүйе ретінде Интернет сервис провайдерлерінің бірнеше қосылымын қолдаса BGP қолдануыңыз мүмкін. Олай болса BGP хаттамасын үйренесіз.
Ірі компаниялардың бәрі VPN байланысын қолданады. Олай болса FlexVPN (Next-gen IPSec VPN) және IPSec Site-to-Site VPN-мен таныс болыңыз.
Желі инфраструктурасындағы қызыметтер, маршруттаудың негізгі функциялары. NAT (Network Address Translation), DHCP (IPv4 & IPv6) міндетті түрде білуіңіз керек.
Желідегі тұрақтылық пен резервтілік. Оны сізге First Hop Redundancy Protocols (HSRP, VRRP, GLBP) пен Network Management (SNMP, Syslog, NetFlow) хаттамалары береді. Оларды білу тағы да маңызды.
Ұйымның желі қауіпсіздігі күнделікті кестеде. Олай болса Device Security (SSH, ACLs, CoPP), Router Security Best Practices, AAA (Authentication, Authorization, and Accounting) білімін алуға кірісіңіз.
Демек ENARSI 3-деңгей маршруттауы, VPN желілері, инфрақұрылымдық қауіпсіздік және ақаулықтарды жою тақырыптарын қамтиды.
Сынақ детальдары:
- Емтихан коды: 300-410 ENARSI
- Ұзақтығы: 90 минут
- Алғышарттар бар ма?: жоқ, бірден ENARSI сынағын тапсыруға болады. (бірақ ENCOR ұсынылады)
- Тіл: Ағылшын тілінде
- Сынақ сәтті тапсырылса алынатын сертификат:
- Жалғыз өтсе → Enterprise Advanced Routing & Services маманы
- + ENCOR емтиханы өтілсе: CCNP Enterprise
Қарастырылатын тақырыптар:
- Әкімшілік қашықтыққа қатысты ақауларды жою (барлық маршруттау протоколдары)
- Кез келген маршруттау протоколы үшін маршрут картасының ақауларын жою (атрибуттар, тегтеу, сүзу)
- Циклдің алдын алу механизмдерінің ақауларын жою (сүзу, белгілеу, көкжиек бөлу, маршруттық улану)
- Кез келген маршруттау протоколдары немесе бағыттау көздері арасындағы қайта бөлу ақауларын жою
- Кез келген маршруттау протоколымен қолмен және автоматты қорытындылау ақауларын жою
- Саясатқа негізделген маршруттауды конфигурациялаңыз және тексеріңіз
- VRF-Lite конфигурациялау және растау
- Екі бағытты бағыттауды анықтауды сипаттаңыз
- EIGRP ақаулықтарын жою (классикалық және атаулы режим; VRF және жаһандық)
- OSPF ақаулықтарын жою (v2/v3)
- BGP ақауларын жою (ішкі және сыртқы, біркаст және VRF-Lite)
- MPLS операцияларын сипаттаңыз (LSR, LDP, таңбаларды ауыстыру, LSP)
- MPLS Layer 3 VPN-ді сипаттаңыз
- DMVPN (бір хаб) конфигурациялау және тексеру
- IOS AAA (TACACS+, RADIUS, жергілікті дерекқор) арқылы құрылғы қауіпсіздігінің ақаулықтарын жою
- Маршрутизатордың қауіпсіздік мүмкіндіктерінің ақаулықтарын жою
- Басқару ұшақтарын бақылау (CoPP) ақауларын жою (Telnet, SSH, HTTP(S), SNMP, EIGRP, OSPF, BGP)
- IPv6 First Hop қауіпсіздік мүмкіндіктерін сипаттаңыз (RA қорғауы, DHCP қорғауы, байланыстыру үстелі, ND тексеру/бақылау, бастапқы қорғау)

Бұл сертификаттың жалпы көрінісін бейнелеуге арналған мысал сурет.
Certificate Verification Number: 417144173578IQWM