Cisco CCNA - Cisco Certified Network Associate


Біздің курсты өтіп желі негіздерін толықтай меңгеріп ал!

ITUniver Cisco CCNA курсын өткеннен кейін:

  • a) Cisco CCNA 200-301 сынағына дайын боласыз:
    • Бұл емтиханды сәтті тапсыру сізге CCNA сертификатын береді.

    • Cisco шешімдерін енгізу және басқару (200-301 CCNA) v1.1 – үміткердің желі негіздеріне, желіге қосуға, IP желілеріне, IP қызметтеріне, қауіпсіздік негіздеріне, автоматтандыру мен бағдарламалауға қатысты білімі мен шеберлік дағдыларын сынайтын 120 минуттық емтихан.

    • Емтихан тапсыру тілі: Ағылшын не Жапон тілінде

    • Емтихан құны: $US300

    • Емтиханға Pearson VUE арқылы тіркеліп, онлайн тапсырасыз.

    • Біздің курстан кейін емтиханды міндетті түрде сәтті тапсырасыз! (Одан да маңыздысы, өз жұмысыңызда күнделікті қолданатын бағасыз тәжірибе болады.)

  • b) Соандай-ақ ITUniver курсын өтіп болған соң, біздің дайындаған сынақты тапсырасыз. Оны сәтті өтсеңіз, ITUniver курс оқыту орталығының бағдарламасын сәтті оқып өткендігіңіз туралы сертификат аласыз!

    Бөлім I
  • TCP/IP желілерімен танысу
  • Ethernet жергілікті желілерінің негіздері
  • WAN және IP маршруттау негіздері
  • Пәрмен жолы интерфейсін пайдалану / CLI
  • Ethernet LAN коммутациясын талдау
  • Негізгі коммутаторды басқаруды конфигурациялау
  • Коммутатор интерфейстерін конфигурациялау және тексеру
  • Ethernet виртуалды жергілікті желілерін енгізу (VLAN)
  • Spanning Tree Protocol (STP) тұжырымдамалары
  • RSTP және EtherChannel конфигурациясы
  • IPv4 ішкі желіге қатысты мәселелер
  • Classful IPv4 желілерін талдау
  • Subnet Masks деген не? Танысу
  • Жұмыста, қолданыстағы ішкі желілерді талдау
  • Cisco маршрутизаторларын пайдалану
  • IPv4 мекенжайлары мен статикалық маршруттарды конфигурациялау
  • Жергілікті желідегі IP маршруттау
  • IPv4 маршрутизациясының ақаулықтарын жою
  • OSPF тұжырымдамаларын түсіну
  • OSPF енгізу
  • OSPF желісінің түрлері және көршілері
  • Сымсыз желілердің негіздері
  • Cisco сымсыз архитектурасын талдау
  • Сымсыз желілерді қорғау
  • Сымсыз жергілікті желіні құру

    Бөлім II
  • TCP/IP тасымалдау және қолданбаларға кіріспе
  • Бастапқы IPv4 ACL-Access Control List
  • IPv4 ACL-Access Control List, терең танысу
  • Қауіпсіздік қызметтері
  • Қауіпсіздік архитектурасы
  • Желі құрылғыларын қорғау
  • Коммутатор портының қауіпсіздігін енгізу
  • DHCP енгізу
  • DHCP Snooping және ARP инспекциясы
  • Құрылғыны басқару протоколдары
  • NAT - Network Address Translation
  • Қызмет көрсету сапасы (QoS)
  • Әртүрлі IP қызметтері
  • LAN архитектурасы
  • WAN архитектурасы
  • Бұлт архитектурасы
  • Контроллер негізіндегі желіге кіріспе
  • Cisco SD Access
  • REST және JSON туралы түсінік
  • Ansible және Terraform түсінігі

Cisco CCNA 200-301 cынағын өтуге қажетті барлық білімді береміз!

  • Электронды оқу құралы, e-кітап
  • Тәжірибелік жұмысқа қажетті құрылғылар
  • Тәжірибелік жұмысқа қажетті бағдарламалық жабдықтар
  • Экзамен симуляторлары
  • Тестілік сұрақтар
  • Шын өмірге қажетті тәжірибе
ccna certification logo

Курстың өтетін уақыты және мекен-жайы

Cisco Certified Network Associate - Алматы қ. Төреқұлов к-сі, 91 блок 3

+7 (747) 265 48 11 Абай
Қосымша сұрақтар бойынша осы телефон номеріне хабарласыңыз.


Курстың бағасы: 80 000 тг.

Cisco CCNA

ITUniver Cisco 200-301 CCNA V1.1 курсы

10.02.2025 ж.

Егер сіз Cisco компаниясымен таныс болмасаңыз "Cisco компаниясымен танысу" парақшасындағы ақпаратты оқыңыз.

Cisco CCNA сертификаты арқылы IT мансабыңызды өсіріңіз!

Сіз IT мансабыңызды келесі деңгейге көтеруге дайынсыз ба? Cisco CCNA сертификаты сіздің желідегі табысты болашаққа арналған келесі баспалдақ болып табылады. Сіз өзіңіздің IT дағдыларыңызды жаңадан бастасаңыз немесе жетілдіргіңіз келсе, бұл жаһандық мойындалған сертификат сізді бәсекеге қабілетті еңбек нарығында ерекшелендіреді.

Неліктен Cisco CCNA таңдау керек?

  • Жоғары сұраныс - Желі мамандары жоғары сұранысқа ие және CCNA сертификаты бар мамандар бәсекеге қабілетті.
  • Әлемдік танылған - Cisco желілік технологияның көшбасшысы болып табылады және CCNA бүкіл әлемде құрметке ие.
  • Шын өмірде қолданылатын күнделікті IT дағдылары - Нақты кәсіпорын ортасында қолданылатын практикалық, тәжірибелік желілік жұмсыты үйреніңіз.
  • Жақсырақ мансап мүмкіндіктері - Желі инженері, жүйелік әкімші және IT қолдау жөніндегі маман сияқты рөлдерге қол жеткізіңіз.

Неліктен ITUniver CCNA курстары тамаша?

  • Эксперт мамандар - Cisco-ның нақты тәжірибесі бар тәжірибелі IT маманынан үйреніңіз.
  • Практикалық зертханалар - Сенімділік пен проблеманы шешу дағдыларын қалыптастыру үшін нақты желілік сценарийлерді қолданыңыз.
  • Кешенді оқу жоспары - Желі негіздерінен бастап кеңейтілген ақауларды жоюға дейін барлығын қамтиды.
  • Жұмысқа орналасу не ары қарай өсу жайында ақыл-кеңестер - Түйіндемені құру, сұхбатқа дайындалу және жұмыс іздеу стратегиялары бойынша кеңестер алыңыз.

Cisco CCNA айтарлықтай ауқымды және күрделене түскенін айту керек

Осыдан 10 жылдан астам уақытта Cisco CCNA сынағын тапсырғанда оның әжептеуір күрделі екенін бірден байқаған болатынмын. Дайындалуға оқулықтар, Интернеттен видео материалдар, зартханалық жұмыстар жасап CBT Nuggets видеоларын бірнеше қайталап қарағанмен бірінші рет сынақ тапсырып сәтсіз болғаны есімде. Шамамен 60 000 теңге көлемінде сынақ тапсыруға төлеген ақшам кетті, алайда керекті білімді алып, IT саласындағы жұмысымды ары қарай жақсарта түскені анық.

Бір рет сәтсіз аяқталғаннан кейін, стратегияны өзгертіп, сынақты екіге бөліп тапсыруды шештім. Және бұл жолы сәтті болып, 2013 жылы Наурыз айында CCNA желі маманы (associate) деген Cisco сертификатын алдым. Одан кейін IT әлемінде басқа да технологиялар мен көптеген шешімдерді оқыған едім. Бірақ Cisco CCNA сертификаты алғашының бірі болғандықтан әрқашан ерекше. Біраз жол ашып, бағыт бағдар бергені рас.

Қазір 2025 жылы Cisco CCNA емиханының көлемі тіпті өсіп, қарастырылатын тақырып тағы көбейе түскен екен. Автоматтандыру, жасанды интелектті қолдану, SD-access, Python бағдарламалу тілі көмегімен API сұраныстар жасау... Желінің өзі заманауи трендтен қалмай, кең қадаммен алға жылжып бара жатқан сияқты. Бұл оқырман - сізді, осы салаға қадам басқан жастарды жігерлендіру керек деп ойлаймын. IT саласының бүгіні мен болашағы жарқын, білімді мамандарға деген сұранысы жоғары. Олай болса IT саласының биіктерін ITUniver-мен бірге бағындыр!

CCNA_cert_AO

Осы сертификаттың заңды-түпнұсқалығын мына жерден тексеріңіз

Verify Cisco Credential

Certificate Verification Number: 417144173578IQWM