Fortinet
Fortinet компаниясы шынында өте керемет ұйым. Қазақстан Республикасының көлемінде көптеген корпорацияларда Fortinet компаниясы ұсынатын шешімдер жиі кездеседі. Және болашақта киберқауіпсіздік саласының ары қарай дами түсетінін ескерсек бұл құрылғылар мен бағдарламалық жабдықтарды білетін, желі қауіпсіздігін, жұмыста қолданылатын шексіз қосымшалар мен бағдарламалардың қауіпсіздігін қамтамассыз ететін мамандарға деген сұраныс та арта түспек.
Бұл жерде Fortinet компаниясының ресми сайтындағы бірнеше маңызды веб-парақшаға сілтеме қалдырайық. Сіз өзіңіз міндетті түрде кіріп, қарап шығыңыз. Ал біз келесі бөлімдерде оқып білу, құрылғыларды қолдану, бағдарламалық жүйемен жұмыс жасауға қажетті білімді іздейтін боламыз.
- Fortinet компаниясы жайында. About us веб-парақшасы
- Негізгі бағдарламалық жабдығы. FortiOS операциялық жүйесі.
- Fortinet компаниясының барлық ұсынатын шешімдері. Products A–Z
- Осы құрылғы мен бағдарламаның барлығын басқаратын, жұмыс жасататын мамандарға қажет барлық құжаттар
- Біліміңізді ұштап, жоғарғы деңгейдегі эксперт болуға қажетті барлық сертификация мен тестілер.
IT мамандарға арналған киберқауіпсіздік бойынша тегін тренинг
Ия, Fortinet компаниясының онлайн оқыту платформасы өте тамаша. Берілетін видео материалдар, құжат, соңында алған біліміңізді тексеретін тестілеу, барлығы сіз үшін тегін
Сізден қажет ететіні:
- Жеке поштаңызбен тіркелу
- Ағылшын тілін білу
- Уақыт бөліп барлық сабақты қарау, тест тапсыру және соңында электронды сертификатыңызды алу
Қауіпсіздік мамандарына арналған ақысыз, өзіңіз қалаған уақытта бастап-аяқтайтын біліктілікті арттыру жобасы
Тегін оқу бағдарламасы қауіпсіздікке негізделген желіні, адаптивті бұлттық қауіпсіздікті, AI басқаратын қауіпсіздік операцияларын және нөлдік сенімсіз желіге кіруді қолдауға арналған барлық курстарды қамтиды. Бұл курстарды аяқтау киберқауіпсіздік мамандарына өз желілерін үнемі өзгеретін қауіптердің кең ауқымынан қорғауға көмектеседі.

Ең бастапқы бағдарлама. Осы үш курсты өтсеңіз Fortinet Certified Fundamentals: Cybersecurity сертификатын аласыз.

Сіздің FortiGate құрылғысында жоғары деңгейдегі операцияларды орындау қабілетіңізді растайды.
Бұл сертификатқа қол жеткізу үшін сіз келесі курсты аяқтап, онлайн емтиханды тапсыруыңыз керек.

Fortinet Certified Professional сертификаттары сіздің желілер мен қолданбаларды қорғау қабілетіңізді растайды
Мысалы осы екі емтиханды тапсырсаңыз Network Security Professional сертификатын аласыз:

Fortinet киберқауіпсіздік шешімдерін жобалау, басқару, бақылау және ақаулықтарды жою қабілетіңізді растаңыз.
Әрбір сертификаттаудың оқу бағдарламасы жетілдірілген Fortinet шешімдерін қолданатын қауіпсіздік инфрақұрылымдарын қамтиды.

Zero Trust сертификаттары ұйымдық қауіпсіздік шеңберлерінде Zero Trust принциптерін енгізудегі жеке тұлғаның тәжірибесін растауға арналған. Бұл сертификаттар стратегия, басқару, сәулет, жоспарлау және Zero Trust әдістемелерін іс жүзінде қолдану сияқты салаларда біліктілікті көрсетеді.

Күрделі желілер үшін желілік қауіпсіздік дизайны, конфигурациялау және ақаулықтарды жою туралы жан-жақты және сараптамалық эксперт деңгейіндегі біліміңізді растайды.
- FCX Written
- FCX Practical
Бұл бақылаушы қабылдайтын жазбаша және практикалық ең жоғарғы деңгейдегі емтихан.
Fortinet. Киберқауіпсіздік шешімдері мен қызметтерінің әлемдік көшбасшысы.
- FortiOS Operating System. Fortinet компаниясының негізгі бағдарламалық жабдығы, операциялық жүйе - FortiOS, қолдануға өте оңай желі бағдарламалық шешімдерінің бірі.
- Инновациялық ОЖ FortiOS Fortinet Security Fabric негізі болып табылады
- Fabric - бұл осы саладағы ең жоғары өнімді және кең ауқымды киберқауіпсіздік платформалары. Және осы аппараттық жабдықтардың программасы FortiOS
- FortiOS желі қауіпсіздігін қамтамассыз етуді GUI көмегімен барынша жеңіл етеді.
- Жергілікті офис сайтындағы дата центр, cloud, гибрид және IT/OT/IoT инфраструктураның бәріне икемделіп жасалған.
Бұл суреттен көретініміз Fortinet барлық киберқауіпсіздікті қамтамассыз етеді.
Оның әрқайсысымен жеке-жеке танысып көрңігіз келсе https://www.fortinet.com/products веб-парақшасына өтіңіз.